ҚАБЫЛДАУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

6

Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде «Шымкент – адалдық алаңы» ЖК басшысы Ерасыл Төлебаев қала әкімі Ерлан Айтахановтың «Адалдық алаңында» азаматтарды қабылдауы жүйелі жүргізілетінін мәлімдеді.

Ерасыл Төлебаевтың айтуынша, қала әкімінің «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде өтетін қабылдауы әр айдың үшінші жұмасында жүргізілмек.