ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

5

ҚР Президенті көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Балаева Аида Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің өкілдерімен кездесті.

Жиында Шымкент қалалық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры Қабыштаев Нұрлан, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қожамжарова Дариякүл, «Шымкент орыс драма театрының» директоры Вербицкий Игорь баяндама оқыды.

Кездесуде билік пен қоғам арасында тұрақты диолог орнату, қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыру және азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайту мәселері қаралды.