ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМ ЖЕТЕКШІЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

7

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Шымкент қаласындағы қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті.

Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші Қайрат Нұртай, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева қатысты.

Кездесуді Шымкент қаласы «Азаматтық Альянсы» қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жұмағали Білісбеков жүргізді.

Жиында сөз алған ҚР Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Азаматтық Альянс пен үкіметтік емес ұйымдардың басты мақсаты халықпен тығыз байланыста болу екенін атап өтті. Сондай-ақ жұмыспен қамту, тұрмысын түзеу, жұмысшылардың құқығын қорғау сынды мәселелерді шешуге белсенді атсалысуға шақырды.

Қоғамдық ұйым жетекшілері өз сұрақтарын қойып, Президент көмекшісіне ұсыныстарын жеткізді.