АҚПАРАТТЫ ТЕРІСКЕ ШЫҒАРДЫ

4

Бүгінде әлеуметтік әлеуметтік желідегі мессенджерлерде 2020 жылғы қаңтардан бастап әр балаға тағайындалған жәрдемақы мен зейнетке шығу жасын төмендету жөнінде жаппай таралған ақпараттар бойынша Шымкенттегі Ақпараттық-коммуникациялық орталықта брифинг өтіп, мамандар түсіндірме берді. Шымкент қаласының еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті өкілдері аталған ақпаратты теріске шығарып, 1-қаңтардан енгізілетін ресми өзгерістер жөнінде баяндады.