«Жібек жолы» ұлттық салт-дәстүр мен заманауи қолөнер көрмесі өтеді

160

2020 жылдың сәуір айынан бастап Шымкент қаласында «Шымкент-ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылу рәсімі мен ТМД елдері өнер шеберлерінің мерекелік концерті, «Жібек жолы» ұлттық салт-дәстүр мен заманауи қолөнер көрмесі, «Шымкент — қызғалдақтар қаласы» ТМД және басқа елдерінің суретшілер және фотосуретшілер байқауы, драма театрлары, анимациялық фильмдер, опера жұлдыздарының фестивалі, Халықаралық ақындар айтысы және алғаш рет «Душа Евразии» I халықаралық эстрада әндерін орындаушылардың фестивалі, ақын-жазушылардың кездесулері мен тағы басқа 40-тан астам іс-шаралар ұйымдастырылмақ.
Сонымен қатар, қараша айында Халықаралық «Содружество дебютов» жүлдесін тапсыру және «Шымкент-Достастықтың мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылуы өтеді деп жоспарлануда.