Шымкентте Конгресс – орталығы бой көтереді

88

2020 жылы әр ауданға 1 млрд.теңгеден қаржы берілмек. Бұл қаржыға көпқабатты тұрғын үй аулаларында 163 ойын және 79 спорт алаңшаларын жөндеу көзделген. 2020 жылы абаттандырылған аулалар саны 80 пайызға жетеді.

Қалада Әуежайға терминал салу, Темір жол вокзалын қайта құру, Конгресс – орталығын салу, Цитадельді қалпына келтіру жобалары іске асырылады.

Сонымен қатар Медиа орталық салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерлан Айтаханов келесі жылы жобалау құжаттамалары әзірленіп, құрылысын бастау жоспарланғанын мәлімдеді.