БІР ҚОЛЫМЕН БЕСІКТІ, ЕКІНШІ ҚОЛЫМЕН ӘЛЕМДІ ТЕРБЕТКЕН

5

«1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай, Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Отырар» кітапханасында аудан аумағындағы көп балалы аналар «алтын алқа» және «күміс алқа» төсбелгілерімен  марапатталды.

Аудан әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев аналарды мерекемен құттықтап, елдің демографиясына қосқан үлестері үшін шынайы алғысын білдірді. Ұрпақ тәрбиесіндегі ананың маңызына тоқталып, білім мен тәрбие үдерісінде ынтымақтастықта болуға шақырды.