ДАМУ ЖОЛЫН БЕЙНЕЛЕГЕН КӨРМЕ ӨТТІ

7

ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Н.Ә.Назарбаевтың тұлғалық сипатын танытатын «Менің Елбасым» атты фото-көрме өтті. Елбасының өмір жолы туралы, сарабдал саясатының арқасында – халықтың әл-ауқатының нығайып, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында сенімді түрде алға жылжып келе жатқаны жайлы орталық қызметкерлері баяндады. Шараға №15 және №16 жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысып, фото-көрмені тамашалап, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.