ЕЛБАСЫ КӨШБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ САБАҚТАРЫ

5

Шырайлы Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Қазіргі Қазақстан. Елбасы көшбасшылығының сабақтары» тақырыбымен жалпы республикалық ашық сабағы өтті. Университеттің 8000-ға жуық студенті қатысқан шарада лекторлар Елбасы жөніндегі дайындаған баяндамаларын оқып, тәуелсіз Қазақстанның даму жолы мен Елбасы саясаты туралы тың деректер ұсынды. Мәслихат депутаттары мен мемлекеттік қызметшілер лекторлар қатарынан табылып, жастарға ғибратты әңгімелерін арнады.