ЖОБА АЯСЫНДА 20 КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

5

Шымкентте «Бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасы аясында тағы бір инвестордың құқығы қорғалды. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментімен Жоба аясында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған «Tumar Textile» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өкілі М.Әлімбековтың айтуынша, құзырлы органдар тарапынан өтінішті қарау барысында әкімшілік кедергілерге жол беріліп, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуымен заңға сәйкес оң шешімін тапқан.

Жобаның жемісін көрген ЖШС өкілінің айтуынша, аталмыш жоба елімізге инвесторлардың көптеп келуіне үлкен септігін тигізеді және бизнестің дамуына тікелей үлес қосатын жақсы бастама.

Қазіргі таңда, Департамент тарапынан жоба аясында жалпы соммасы 53 млрд теңгеден астам құрайтын өзара іс-қимыл туралы 20 инвестициялық келісімге қол қойылған.