ЗӘБІР КӨРГЕН ӘЙЕЛДЕР 2695-КЕ ЖЕТТІ

4

Былтыр Шымкентте ерлі зайыптылардың ұрысы кезінде екі әйел көз жұмған. Биыл да жыл басынан бері 2 қайғылы жағдай тіркелген. Әйелінен таяқ жеген еркектерден де полицияға арыз түскен. 11 айда 6 азамат отбасылық зорлықтан зардап шегіпті. Шымкент қалалық ПД ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы Данабай Алиевтың мәлімдеуінше, мегаполисте күніне отбасы жанжалдары туралы 40-45 шақырулар келіп түсіп отырады. Полиция инспекторлары оларға барып, қорғау нұсқамасын шығарып, есепке алып отырады.

Полицияның ескертуін елемей, әйелін қайта сабайтындар көбейген. Тәртіп сақшыларының сөзіне сенсек, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жиі жол беретін жәйттер көбіне Әл-Фараби ауданында тіркеледі. Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте шаңырақ астындағы шудан зәбір көрген әйелдердің саны 2695-ке жетіпті.