ИННОВАЦИЯ МЕН КӘСІПКЕРЛІК: БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ АРТТЫРУ

4

Шымкентте «Инновация мен кәсіпкерлік – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен және «Кәсіпқор» Холдингі ұйымдастырған семинар-практикумда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында инновациялық технологияларды енгізу және іске асыру тәжірибесін жалпылау мәселелері сөз болды. Сондай–ақ, білім беру және бизнестің интеграциясы негізінде ТжКОБ ұйымдары мен жетекші компаниялардың озық тәжірибесін тарату жағы талқыланды. Семинар-практикумға еліміздегі барлық облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім беру басқармаларының өкілдері, бөлімдер мен орталықтардың қызметкерлері, ТжКОБ ұйымдарының басшылары мен педагогикалық қызметкерлері, сонымен қатар шағын және орта бизнес өкілдері, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы», «Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» АҚ басшылығы мен 200-ге тарта колледж оқытушысы қатысты.