«РИЗАШЫЛЫҚ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Шымкент қалалық полиция департаментінің қамқорлығындағы №4 «Сайрам» балалар үйінде «Ризашылық» қайырымдылық фестивалі өтті. Дәстүрлі шараға Шымкент қалалық Полиция департаментінің басшылығы мен қоғам белсенділері қатысып, бүлдіршіндердің қуанышымен бөлісті. Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.Жумаханбетов ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға ризашылығын білдіріп, ізгі ниетін жеткізді. Өнерлі жастарға қашан да қолдау білдіруге әзір екендіктерін де тілге тиек етті.
Бүлдіршіндердің орындауындағы әсем ән-жырлар кештің көркін келтіріп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.