ТҮБІТТІ ӨНІМ ӨНДІРУДЕ ШЫМКЕНТ КӨШ БАСТАП ТҰР

5

Халық жиі тұтынатын кашемирден жасалынатын өнімдер «Шымкент-Кашемир» кәсіпорнында шығарылады. Қазақы қой мен түйе жүнінің түбітінен жасалынатын өнімді өндіруде Шымкент елімізде көш бастап тұр. Тұңғыш Президент ашқан кәсіпорын жылына 400 тоннадан астам түбіт өңдеуге қауқарлы. Бұған дейін Қазақстанда түбіт тарау кәсібі болмаған. Алғаш рет құрылғылар Қытайдан әкелініп жүн тарау, түбіт өндіру жұмысы басталды. Тиімдісі – облысымызда шикізат жетеді. Қой ешкінің әсіресе түйе жүні жеткілікті мөлшерде. Облыстан бөлек Алматы,Орталық Қазақстан,Жезқазғаннан қара қойдың жүні әкелінеді. Тоқыма цехындағы бұйымдар синтетикалық қоспасы жоқ таза қой жүнінен жасалатын жіптен тоқылады.Бірі компьютер жүйесі арқылы жүзеге асады.Онда  үлкендер мен балаларға арналған кеудешелер мен жейделер , мойын орағыш секілді 50 ден астам тоқыма бұйымдары өндіріледі.