ФЛЕШМОБ ЕЛБАСЫҒА АРНАЛДЫ

3

1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Шымкент қаласында химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Көрме орталығында»  «Елін сүйген-Елбасы» тақырыбында  флешмоб өткізді.

Ұйымдастырушылар аталмыш шараның ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде маңызды екенін айтып, оқушылардың бойындағы ұлттық рухты ұштауға бағытталған жиынның жалғасын табатынын мәлімдеді.