ЦИТАДЕЛЬДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 2020 ЖЫЛ АЯҚТАЛАДЫ

63

Бүгінде 2200 жылдық тарихы бар көне шаһарымызды айшықтайтын ескі қалашықтың құрылыс жұмыстарын «Қаржан Тау» құрылыс компаниясы жүргізуде. Мердігер Әлихан Батырханұлы келер жылы өтетін ТМД елдерінің мәдени астанасымен тұспа-тұс келген Шымкенттің 2200 жылдығында аталған нысанды сапалы әрі уақтылы тапсыру үшін бар күшін жұмылдырып жатқанын айтты.

–Бүгінде аумағы 5.03 гектарды құрайтын цитадельде 120-дан астам құрлысшылар жұмыс істеуде. Олар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан тапсырысты уақытында орындау үшін талмай еңбек етуде. Біздің басты мақсатымыз — құрылысты сапалы орындау, сондықтан мұнда білікті мамандар жұмыс істеуде, — деді компания басшысы.

Сонымен қатар, «Цитадельдегі» археологиялық қазба жұмыстарымен 100-ге жуық маман айналысып жатыр.