ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛІП, ЗАҢДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

3

Шымкент қаласының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен халыққа қызмет көрсету орталығында «Әділет кеңес береді» акциясы өтті.

Әділет департаментінің құрылымдық бөлімдерінің мамандары және нотариус пен адвокаттар азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Сұрақтардың басым бөлігі мемлекеттік жәрдем ақы алу, алимент өндіру және жерді заңдастыруға қатысты болды. Мамандар құқықтық кеңес беріп, құжат рәсімдеудің заңдылығын түсіндірді.