ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

5

Заманауи əдіс-тəсілді меңгеру мақсатында, шымкенттік ұстаздар №11 Алишер Навои атындағы жалпы орта мектепте бас қосты. Мұндағы дәріс барысындағы жаңашылдықтар, ұстаз бен оқушы арасындағы кері байланыс семинар барысын байқауға келген тренерлер мен əдіскерлердің көңілінен шықты. Жаңартылған əдіс — бала бойында еркіндікті қалыптастырумен қатар, өз көзқарасын, ойын тура жеткізуге, шығармашылық, сөйлеу қабілетін арттыруға, өз бетінше ізденуге үлкен мүмкіндік ашады. Алдағы уақытта мұндай семинарлар қала мектептерінде жиі ұйымдастырылатын болады дейді Шымкент қаласы білім басқармасы жанынан құрылған кәсіби орталық директоры Меруерт Медетбекова.