25 ОТБАСЫҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ

5

«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалында халықаралық мүмкіндігі шектеулі азаматтар күніне орай қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтар азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Жалпы қала бойынша 25 отбасыға бір айлық азық-түлік табыс етілді.

Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы және «MEYIRIM.KZ» қайырымдылық қоры үш жақты меморандум түзген еді. Оның аясында әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы қайырымдылық көрсетіледі.

Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов қайырымдылық акциясының маңыздылығына тоқталып, 25 отбасының мүшелеріне арнайы сертификатты табыс етті.

Қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру мақсатында қоғамдық қор арнайы порталды іске қосты. Енді қаладағы осындай іс-шараларды «MEYIRIM.KZ» сайты реттеп отыратын болды.