«Шымкент — баршаға үлгі болуы тиіс»

36

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов: «Қолға алынып жатқан жобалардың басты мақсаты – республикалық маңызы зор үшінші мегаполис – Шымкентті, оның тарихи маңызы мен мәдени мұраларын әлемге таныту және қаланың жан-жақты көркейіп, көріктенуіне, өсіп-өркендеуі жолындағы тың тыныстардың ашылуына ықпал ету. 2020 жылы осы іс-шаралар арқылы қазақтың ұлттық құндылықтары мен рухани байлықтарын әлемге паш етуіміз керек. Сондықтан келер жылы ауқымы кең іс-шаралардың тиісті деңгейде өткізу үшін біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. Ал осынау игі жұмыстарды атқаруда ең бірінші бізге “Қайырымды қала” атауына лайық болуымыз шарт. Себебі, қайырымды болмай қайырлы істерді жүзеге асыру мүмкін емес. Шымкент — баршаға үлгі болуы тиіс»