«ЖАС ҰЛАН» ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

3

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебінде Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 5 сыныптың оқуда озат, үлгілі тәртібімен ерекшеленген оқушыларын қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Жиынның құрметті қонақтары мектеп директоры Искакова Саулен, қалалық оқушылар сарайының барабаншылар клубының жетекшісі Ибадуллаева Сауле, Жастар маслихат депутаты Ашимова Жасмин жасөспірімдерге ізгі ниетін жеткізіп, ұлтжандылық, Отанды сүю туралы ғибратты әңгімелер айтты.  Мектеп мақтаныштары, қалалық ең үздік рәміздік топ және барабаншылар сайысында ең үздік деп танылған топ мектеп оқушыларына арнап өнер көрсетті.