МЕЙІРІМГЕ БӨЛЕГЕН МЕРЕКЕ

6

3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні қарсаңында «ерекше» балалардың белсенді ата-аналары құрған «Ерекше жол» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Алтын күз» мерекесі өтті. Мереке аясында күз туралы жыр оқыған «ерекше» балаларға «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының атынан директор орынбасары Г.Алпысбаева кітаптар табыстады.
«Ерекше жол» қоғамдық қор жетекшісі Роза Беркешова: «Біз балаларымыздың өмірін қызықты, толыққанды еткіміз келеді. Біздің балаларымыз көпшіліктен қорықпаса, ал қоғам олардан сырт айналмаса дейміз. Біздің жоспарымызда балаларымызға арналған орталық ашу мақсаты бар. Біздің диагноздарымыз туралы және онымен қалай өмір сүру қажеттігі туралы, «ерекше» балалалардың ата-аналарына қалай көмектесу керектігі туралы қоғамды тарта отырып, акциялар ұйымдастырсақ дейміз. Сондай-ақ, ата-аналарға көмектесу үшін клуб ашсақ деп жоспарлап отырмыз.» — дейді.