ШЫМКЕНТТЕ 500 ОРЫНДЫҚ АМФИТЕАТР АШЫЛАДЫ

Ескі қалашықты қалпына келтіру құрылысымен танысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов:
- Келер жылы болатын айтулы іс-шараларға сақадай сай дайын болуымыз қажет – деді. Сонымен қатар, Цитадельді Шымкенттің мықты туристік орнына айналдыру үшін тың жобаларды жүзеге асыруды қолға алды. Солардың бірі — 500 орындық амфитеатр.