«ӘДЕБИЕТ АУАДАЙ ҚАЖЕТ»

5

Шымкент қалалық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында жазушы Жан Ақжановтың шығармашылық кеші өтті. «Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе ночью», «Сенің түнгі күнің», «Путь врача», «Степь и судьбы» атты кітаптардың авторы Жан Ақжанов кітаптарын орыс тілінде жазады. Ұзақ жыл шет елдерде тұрған жазушы ағылшын, итальян, малай, тай тілдерін меңгерген. Қаламгердің кітаптарына ресейлік режиссерлар А.Кончаловский мен Н.Михалков қызығушылық танытып, экрандауға лайық деп таныған.