ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

3

Нұр-Сұлтан қаласында белбеу күресінен жастар арасында Әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додада Шымкент қаласының Ләззат Тәжиева атындағы №4 спорт мектебінің балуандары Ерсұлтан Жорабек пен Ақмарал Оразбай да ел намысын қорғап, жүлдемен оралды.

Спортшыларды Шымкент темір жолында бапкерлер, жанкүйерлер және балуандардың туыстары зор қошеметпен күтіп алды. Ерсұлтан Жорабек өткен жылы Ресейде өткен Әлем чемпионатында бақ сынап, 3 – орынды иеленген болатын. Бұл жолы ол арманына жетіп, алтын медалімен оралды. Ал, 76 келіден  жоғары салмақта кілемге шыққан Ақмарал Оразбай қола медалді місе тұтты