11 АЙДА 2605 АЖЫРАСУ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛГЕН

4

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен  баспасөз брифингінде Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Н.Егембердиев мәлімдеді. Аталған көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңінде 2400-ге жуықтап, 205 іс шамасында төмендеген. Ал, жыл басынан отау құрған отбасылардың саны 7437-ні құраған.