Шымкенттегі рухани шаңырақ – «Отырар» кітапханасы

60

Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік аумағынан қоныс тепкен жаңа рухани шаңырақ – «Отырар» кітапханасы халыққа кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетуде.

Адамзатқа әйгілі Отырар кітапханасының жұрнағындай, көзіндей болып отырған кітапхананың 2013 жылдың аяғында  облыс әкімінің, зиялы қауым  мен қаламгерлердің, кітапханашылар қауымдастығының,  БАҚ өкілдерінің қатысуымен салтанатты ашылу рәсімі өтті.

«Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы»  коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің ашылуына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметовтың 2013 жылғы 25 қарашадағы № 327 қаулысы негіз болды.  Жаңа мекеменің Жарғысы қабылданып, бекітілді. Кітапхана Шымкент қаласы Астана даңғылындағы нөмір сегізінші  жаңа зәулім ғимаратқа қоныстанды. «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы облыс аумағындағы  кітапханалар желісі үшін ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады.