2020 ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТТЕ 9 ЕЛДІ МЕКЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛАДЫ

30

Қалаға жаңадан қосылған 41 елді-мекенді аралап, жағдайымен танысып шыққанын қала әкімі Ерлан Айтаханов ол жердегі негізгі мәселе —  инженерлік жүйелермен көлік мәселесі екенін байқаған. Мәселен, ауыз суды 10 елді-мекен жартылай пайдаланса (Абдулабад, Тұрдыабад, Өтеміс, Шапрашты, Базарқақпа, Жаңаталап, Игілік, Көкбұлақ, Тәуелсіздік 20 жыл, Қызылжар), 8 елді мекен тасып ішеді (Батыс, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Ақжар, Айкөл, Асар-2, Ақтас-2, Тұран). Қаланың солтүстік бөлігін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін  3 магистралды су құбырын тарту қажет. Келесі жылы Көмешбұлақ су жинақтаушысынан басты магистралды су құбыры тартылып, оған 2 магистралды су құбырлары қосылады.       Нәтижесінде  2020 жылы 8 тасымалмен су ішіп отырған 72 мың, жартылай қамтылған 9 елді мекендегі 38 мыңнан астам халық ауыз сумен толық қамтылады.

Сонымен қатар, қаланы канализациямен қамту көрсеткіші төмен (49%) себебі магистралды жүйелермен қатар, қолданыстағы тазалау қондырғысының қуаттылығы жеткіліксіз.

Қалада көп қабатты тұрғын үйлерді және шалғай елді-мекендерді қамту үшін 2 су тазарту қондырғысын салу қажет. Қазіргі таңда техникалық-экономикалық негіздемелері әзірленуде. Құрылысы 3 жылдық жоспарға енгізілді.

Келесі жылы, 1 магистралды және 5 елді мекенде кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілетін болады. Осының есебінен көрсеткіш 49 пайыздан 52 пайызға жетеді.

Сонымен қатар, 35 елді-мекенде электр сапасы төмен.  Қазіргі таңда қалаға сапалы электр қуатын беру үшін 3 подстанцияның және 13 елді мекенде электр желісінің құрылысы  жүргізілуде. Келесі жылы аталған жобаларды іске асыру арқылы 40 мыңға жуық қала тұрғындары сапалы электрмен қамтылады.

Газбен қамтуға келетін болсақ, қолданыстағы 2 АРГС-тің қуаттылығы жетіспейді (қуаты 180,0 мың м3, нақты қажеттілік 250 мың м3). Қосымша 250,0 мың м3  сағатына құрайтын №3 АГРС салу қажет.

Бүгінгі таңда, №3 АГРС құрылыс жұмыстары басталды. Табиғи газ қысымын көтерудің баламалы жолдары қарастырылып, келесі жылы «Сапақ Датқа» ауылынан ұзындығы 13,5 км, қуаттылығы 25,0 мың м3 сағатына құрайтын магистралды газ құбырын салу жоспарлануда. Бұл қаланың  2-3 жылдық қажеттілігін толық жабады.