2847 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

34

Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 134 мың, жердің кезегінде 119 мыңнан астам азамат тіркелген (оның ішінде 39 мың — коммуналдық тұрғын үй кезегінде, 95 мың кредиттік тұрғын үй кезегінде).

«Үй кезегінде тұрғандардың 5 мыңы көпбалалы отбасылар.Тұрғын үй құрылысында, қайтарымды кредиттік үйлерге басымдық берілетін болады. Осы күнге дейін кредиттік тұрғын үйді сатудан түскен қаржы басқа мақсаттарға жұмсалып келсе, алдағы уақытта тек тұрғын үй құрылысына қайта жұмсалатын болады. Бұл да тұрғын үй көлемінің артуына өз әсерін тигізеді» -деді қала әкімі баспасөз брифингі барысында.

Ағымдағы жылы қалада 2 847 пәтерлі 53 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде жұмысшы жастарға 904 пәтер, көпбалалары отбасыларға  450 пәтер,  халықтың әлсіз топтарына 252 пәтер.

Келесі жылы «Тұран» мөлтекауданында аумағы 194 га жерге 4 496 пәтерлі 68 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталады.

Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру үшін СПК «Шымкент» арқылы 5 493 пәтерлі  75 тұрғын үй салынады. Оның ішінде 2020 жылы  1 016 пәтерлі 24 тұрғын үй пайдалануға беріледі.