43 КӨШЕ КҮРДЕЛІ, 39 КӨШЕ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

33

 Үшінші мегаполисте 2020 жылы шалғайда орналасқан 40 елді мекеннің 80 негізгі көшелерін асфальттау жұмыстары жүргізіледі және 90 км топырақ жолдарға тас төселді. Елді мекендердегі 48 көше күрделі, 73 көше орташа жөндеуден өтеді және топырақ жолдарға толығымен тас төселетін болады. Бұл жөнінде бүгін Коммуникациялық қызмет орталығында БАҚ өкілдерімен кездескен қала әкімі Ерлан Айтаханов баяндады.

Қаланың 7 магистралды көшелерін  орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі (Республика, Рысқұлов, Гагарин, Сырым батыр, Түркістан, Құрманбеков және  №1 автожол).

Көлік инфрақұрылымын дамыту және көлік кептелістерін болдырмау мақсатында 11 көшені кеңейту және 5 көпірді қайта құру жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін аяқталатын болады.

Ерлан Айтаханов: «Келесі жылы қаланың орталығында көлік қозғалысын жеңілдету үшін 2 жерде үлкен жол айрықтар құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз (Рысқұлов-Қонаев және Бәйдібек би — Арғынбеков көшелерінде). Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары дайын».

Елбасы тапсырмасымен жеке инвестордың есебінен Шымкентте жаңа әуежай терминалының құрылысы басталды, 2020 жылы аяқталады. Сонымен қатар, келесі жылы Темір жол вокзалының ғимараты қайта құрудан өтетін болады.