ЖИЫН АӘК ӨЗГЕРІСТЕРІНЕ АРНАЛДЫ

114

Бүгін бірінші вице-министр Шымкент қаласы әкімдігінде жиын өткізіп, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы туралы баяндады.
Ержан Жалқыбаев ағымдағы жылғы 12 желтоқсанда ҚР Парламентінің Сенаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды қабылдағанын айтты.
«Қабылданған заң көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізуді, АӘК көрсету тетіктерін жетілдіруді және табысы аз отбасынан шыққан балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама енгізуді көздейді», – деді бірінші вице-министр.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларға отбасының табысына қарамастан:
4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан да көп балаға – 74 388 теңге мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Сөз соңында Жылқыбаев заңға сәйкес, ағымдағы жылы тағайындалған АӘК жарты жылға тағайындалғаны немесе бір жылға тағайындалғаны маңызды емес, 31 желтоқсанға дейін әрекет ететінін атап өтті.