ӘКІМ АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

23

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстан Республикасынан шыққанына 30 жыл толуына орай қаладағы ауған соғысы ардагерлерімен кездесті.

Кездесу бүгін Алматыдан Нұр-Сұлтан бағытына жолға шыққан «Bek Air» әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауынан қаза болғандарға байланысты бір минуттық үнсіздікпен басталды.

«Арада отыз жыл уақыт өтсе де отты жылдар салған жүректегі сызат әлі жазыла қойған жоқ. Бүгінгі таңда өмірін оқ пен оттың арасында өткізген ауған соғысы ардагерлері – Сіздерге мың алғыс», — деді Ерлан Қуанышұлы.

Кездесу барысында тараптар бүгінгі өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесі жайында сөз қозғап, ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Айта кетейік, Шымкент қаласынан ауған соғысына 626 әскер аттанған. Оның 19-ы қаза тауып, біреуі іс-түссіз жоғалып, қалған 606 әскер елге қайта оралған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі