252 СПОРТТЫҚ ШАРА ӨТТІ

52

Ақпараттық-коммуникациялық орталықта Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ә.Нұртаевтың қатысуымен баспасөз-брифингі өтті.

Брифинг барысында 2019 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша қалада дене шынықтыру және спорт саласындағы атқарылған жұмыстар мен даму қарқындылығы және алдағы жоспарлар жайы баяндалды.

Басқарма басшысының айтуынша биылғы көрсеткіш бойынша спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 294,4 мың адамға жетіп, қаладағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 28,6% құраған. 2020 жылы бұл көрсеткішті 30% жеткізу күтілуде. Жыл басынан бері қала аумағында 252 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 45 мыңнан астам адам қатысқан.