35 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ АЛАДЫ

117

Шымкентте 35 мыңға жуық азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған.

2020 жылдан бастап жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі. Мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға беріледі. Айта кету керек, жәрдемақы отбасының табысына қарамастан төленеді. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады.

Яғни, 4 баласы бар отбасыларға 42 500 теңге, 5 балаға – 53 125 теңге, 6 балаға – 63 750 теңге, 7 және одан да көп балаларға 74 375 теңге төленетін болады.

Орта есеппен алғанда, жәрдемақы мөлшері әр балаға 10-11 мың теңгені құрайды. Айта кетерлігі, Қазақстанда бүгінде бала саны 7-ден асатын 3151 отбасы бар. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға жеке мемлекеттік жәрдемақы төленеді, олардың орташа мөлшері 16 160 теңгені құрайды.