362 АЛТЫН, 342 КҮМІС, 377 ҚОЛА

72

Шымкенттік спортшылар спорттың 61 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 362 алтын, 342 күміс, 377 қола медаль жеңіп алды.

Жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары, 62 алтын, 34 күміс және 43 қола медальге қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары 20 алтын, 13 күміс және 22 қола медальге ие болды.

Сондай-ақ, биыл 1 ҚР Еңбегі сіңген спорт шебері, 25 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 121 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 391 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының сапына енген Шымкент қаласы спортшылары:
ересектер – 433,
жастар – 413,
жасөспірімдер – 226
спортшы, барлығы – 1072 спортшы.