КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

55

Шымкентте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа кеңес беру орталығы бүгін  жұмысын бастады.
Мұнда қала тұрғындарына депозит ашу, несие алу үшін өтінім беру мен өз мүмкіндіктерін алдын ала тексеру сынды қызметтер көрсетіледі.
ТҮҚЖ банкінің бұл Шымкенттегі бесінші кеңес беру орталығы.

Олар мынамекен жайда орналасқан:

* Рысқұлов көшесі, «Гипер Хаус» сауда орталығы;
* Қонаев даңғылы, «Алтын» сауда үйі;
* Асқаров көшесі, 32 үй
* Рысқұлов көшесі, «Север» сауда үйі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда 1,5 млн қазақстандық Тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне сенім білдіріп отыр. Биыл 350 000 мың адам депозит ашып, салымын бастады.
Шымкент қаласы бойынша 97 708 салымшы бар, олардың жалпы жинағы 43,2 миллиард теңгені құрап отыр.

– Қаржысын жинақтаған салымшылар банк сыйақысынан бөлек жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақыны да ала алады. Оның мөлшері – 20%, яғни 505 000 теңге салып, 101 000 теңге сыйлықақы ала аласыз. Ол үшін 31 желтоқсанға дейін депозит ашып, толтырып үлгеру қажет, — деді ТҮҚЖБ Шымкент филиалының бөлім басшысы Нұрлан Сұлтанов.