ҮЗДІК ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

29

Бүгін Шымкент қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, түрлі салаларда жетістіктерге жеткен жастарды қала әкімі Ерлан Айтаханов марапаттады.

Шаһар басшысы Ерлан Айтаханов алдымен мегаполистің белсенді жастарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ерлан Қуанышұлы Шымкент қаласы әкімінің «Үздік жастар» байқауының жеңімпаздарына диплом мен қаржылай сыйлықтар табыстады.

Биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылған байқау мәдениет, өнер, білім, ғылым, әлеуметтік, халыққа қызмет көрсету сынды түрлі салаларды қамтыған.

Жастарға қолдау көрсетіп, олардың жеткен жетістігін насихаттау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын байқауға 14-29 жас аралығындағы 126 үміткер қатысып, іріктелді. Байқау комиссиясының қорытындысымен 34 жас өз салаларында үздік деп танылып, марапаттауға ұсынылды.

Фото: Б.Сейітжаппар