ӘКІМНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТҮСІНДІРДІ

127

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында 2020 жылдың 1 қаңтарынан басталатын атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын түсіндіру бойынша қала әкімінің орынбасары Е.Садырдың қатысуымен баспасөз брифингі өтті.

Ербол Әбілқайырұлы министрлік тарапынан атаулы әлеуметтік көмек берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірленгенін тілге тиек етті.  Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі. Еңбекке қабілетті азаматтарды еңбекке ынталандыру, табысы аз азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты әділдік пен ашықтық қамтамасыз ету үшін заңға тиісті өзгерістер дайындалды.
Ұсынылып отырған жаңа ұстанымдар:

— көпбалалы аналарды қолдауды;
— жаңғыртылған атаулы әлеуметтік көмекті;
— кепілді әлеуметтік көмекті қамтитын болады.
Табысы аз балалардың 60%-ға жуығы көпбалалы отбасынан шыққан балалар (56,5%).

«Осыған байланысты, көпбалалы отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек алушы көпбалалы отбасылар құрамынан балаларды шығарып, оларға табысқа қарамастан берілетін мемлекеттік жәрдемақыға ауыстыру ұсынылған. Бұл көпбалалы аналардың беделін мойындап, олардың әл-ауқатын арттырудың бірден бір жолы болады», — деді қала әкімінің орынбасары өз сөзінде.