ЖЫЛ ӘКІМІ — ЕРЛАН АЙТАХАНОВ

1754

 

«ҚАЗАҚ ҮНІ» республикалық қоғамдық-саяси газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталы

«ЖЫЛ АДАМЫ – 2019»

таңдаулыларын анықтады!Сонымен, портал «Жыл әкімі» номинациясына Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың іскерлігін лайықты деп тапты.

«Шымкент қаласы­ның әкімі Ерлан Айтаханов үшінші мегаполистің экономикалық-әлеуметтік саласын көтеруге қатты кірісуде. Әсіресе, қала шетіндегі елді мекендер мәселесін қолға алуда. Ол сонымен  қатар өзінің қазақ руханиятының қам­қор­шысы екенін көрсете білді. Әкімнің бастамасымен Шымкент қаласында қазақ ақындарының өлеңдері жазылған баннерлер ілініп, қазақ поэзиясы насихатталды. Сонымен қатар, Ерлан Қуанышұлының қолдауымен Шымкент қаласында белгілі ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов бастаған бірнеше ақынның жыр кештері жоғары деңгейде аталып өтілді» делінген сайт ақпаратында.