389 жаңа жұмыс орындары ашылды

29

Қайырымды қала Шымкенттің өнеркәсіп саласында 2019 жылы 26 млрд.теңгеге 7 жоба іске қосылып, 389 жаңа жұмыс орындары ашылды.
«Бал Текстиль» ЖШС кілем және кілем бұйымдары өндірісі жобалық құны 1 113, млн.тенгені құрайтын 3-цехты іске қосып, 50 жаңа жұмыс орнын ашты.

Сонымен қатар, «Bitumen Werk (Битумен верк)» ЖШС 890 млн.тенгеге битум өндірісі жобасын жүзеге асырды. Мұнда жылына 24 мың тонна өнім өндіріледі деп күтілуде.

«Болашак-7» ЖШС жеміс-жидек шырыны, алкогольсіз және энергетикалық сусындар шығару өндірісін қолға алып, 37 азаматты жұмыспен қамтыды. Жобалық құны 1443 млн.тенгені құрайтын бұл өндіріс жылына 26 млн. бөтелке өнім шығаруды көздеп отыр.

«Рахат-Шымкент» ЖШС (Lotte) – Мармелад өндіру желісін жүзеге асырып, жұмысын бастады.
Порошоктан жасалған өрт сөндіру құралдарын енді «ОПЧС-Строй» ЖШС шығаратын болды. Серіктестік 34 жаңа жұмыс орнын ашып, іске қосылды.

Шымкенттің өнеркәсіп саласы жаңа технологиямен жабдықталған сапалы сатыға көтерілгенін де атап өткеніміз жөн.