«МӘРТЕБЕЛІ ПОЭЗИЯ МІНБЕРІНІҢ» АЛҒАШҚЫ ПОЭЗИЯЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

107

Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған іс-шараның ашылу салтанаты «Отырар» кітапханасында өтті. Жиынға қала әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, кеш қонақтарына ыстық лебізін білдірді.

Поэзиялық апталықтың алғашқы жиыны ҚР жазушылар Одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулетке арналды.

Шығармашылық кеште жазушы Махаббат Байғұт ізгі ниетін білдірсе, филология ғылымдарының кандидаты Анар Жаппарқұлова арнау өлеңін оқыды.

Сондай-ақ, Ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөзіне де кезек берілді. Енді поэзия апталығы әр жұма күні өтеді деп жоспарлануда. Іс-шараға республикаға, қалаға және ТМД елдеріне танымал ақындарды шақыру көзделген.

Фото: Береке Сейітжаппар