МӘРТЕБЕЛІ ПОЭЗИЯ МІНБЕРІ АШЫЛДЫ

213

Бүгін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың Жеті қыры» бағдарламасы аясында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың қолдауымен «Жеңіс» саябағында әдеби-мәдени «Поэзия мінберінің» ашылу салтанаты өтті.

Поэзия мінберінде алдағы уақытта қала тұрғындары арасында мәдениетті насихаттау мен дамытуға бағытталған әдеби кештер, жазушылар және ақындармен кездесулер, шығармашылық іс-шаралар мен философиялық лекциялар өткізу көзделген.

Салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімі Ерлан Айтаханов арнайы келіп, қаламгер жастарға ыстық лебізін жеткізіп, шығармашылық шабыт тіледі.

Кеш қонағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының жазушылар Одағының төрағасы Есдәулет Ұлықбек сөз алып, жүрекжарды лебізін жеткізді.