Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкент қаласының экономикалық дамуына тоқталды

10

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Евгений Бобровпен кездесті.

Ресейлік тарап Шымкенттің инвестициялық әлеуетіне қызығушылық танытып, Ресей мен Шымкенттің экономикалық және туристік ахуалын арттыратын, мәдени-гуманитарлық байланысын нығайтатын бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендіктерін жеткізді.

Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкент қаласының экономикалық дамуына тоқталып, инвестициялық әлеуеті туралы мәлімдеді.

Жиын соңында қала басшысы бұл кездесу екіжақты мәдениет, білім және әлеуметтік-экономикалық салалардың дамуына септігін тигізетініне сенім білдірді.