Алексей Цойдан 10 ұсыныс

5

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мемлекет басшысына коронавируспен күресуге қатысты 10 ұсыныс жасады. Жаңа министрдің халыққа тиімді деп отырған шаралары мынадай:

— амбулаторлық деңгейде инфекцияны емдеудің қарапайым және түсінікті нұсқаулықтарын әзірлеу;

— дәрі-дәрмектерді жеткізу және сатып алу процедураларын жеделдету, отандық өндірушілерді ынталандыру;

— COVID-19 диагностикасында цифрлық рентген аппараттарын компьютерлік томографиямен бірге қолдану арқылы диагностиканың қол жетімділігін арттыру;

— сынақ зертханаларының мүмкіндіктерін кеңейту, тесттерді уақытында жеткізу;

— шақырту кезінде мобиль топтардың сынақ қоршауларын ұйымдастыруы;

— науқастарға үйінде ең қауіпсіз медициналық көмек көрсету; — амбулаторлық деңгейде қашықтан кеңес беру; — ауруханаларды жасанды тыныс беру аппаратымен жабдықтау; — жерлеу тәртібін өзгерту; — азаматтарға эпидемиологиялық ескертуді арттыру.